Жоба туралы

Онлайн-метрикаларды қолдануға арналған жоба отандық БАҚ-қа күнделікті жұмысында Chartbeat озық құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Бағдарлама мақсаты – отандық БАҚ-тың бәсекелі артықшылықтарын күшейту, кәсіпқойлығын көтеру, медиа нарығының айқындылығын арттыру және редакция жұмысына заманауи технологияларды ендіру. Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігі арқылы Инновациялар қоры есебінен қаржыландырылып отыр.

Бұл – жобаға қатысатын 25 онлайн-медиаға деректерді аналитика саласындағы инновациялық құралдарға бір жыл бойы тегін қол жеткізуге мүмкіндік беретін Қазақстандағы тұңғыш әрі жалғыз жоба.

Деректерді талдау саласындағы Chartbeat компаниясы – редакциялық стратегияны жақсарту және оқырмандар аудиториясын кеңейтуге арналған көшбасшы қызмет. Компанияның қызметтерін АҚШ медиа нарығындағы компаниялардың 75%-ы ғана емес, сонымен бірге, әлемнің 60-тан аса еліндегі жетекші БАҚ қолданады.

Жоба аясында Chartbeat компаниясының құралдарын қолданатын жобаға қатысушы онлайн-порталдардың басты аналитика көрсеткіштері бойынша деректерді көрсететін olshem.kz сайты іске қосылды.

Жобаға қатысатын БАҚ жарнамалық агенттіктерге, медиа сарапшыларына, әлеуетті клиенттерге толық әрі нақты аналитиканы ұсына алады. Бұл медиа-ресурстарға өзінің кәсіби деңгейін көтеріп, контент сапасын жақсартуға және аналитика деректеріне сәйкес редакциялық саясатты бейімдеуге көмектеспек. Сайтқа кірушілер нақты уақыт тәртіптемесінде басты көрсеткіштер бойынша онлайн-порталдардың статистикасын көріп, салыстырмалы талдау жүргізіп, бір ай ішіндегі статистиканың есебін жүктеп ала алады.

Оlshem.kz ресурсы қатысушылар арасында кәсіби өзара әрекеттестікті орнатып, редакциялық саясатта метрикалардың кеңінен қолданылуына жағдай жасамақ. Қазақстандық онлайн-контент және оқырмандардың оған қатысты реакциясы жайлы айқын деректерді ұсына отырып, жоба отандық медиа ресурстарға жарнамадан түсетін кірісті арттыруға және бәсеке қабілеттілігін көтеруге көмектеспек.

Жобаны айқын ету және оның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында тәуелсіз Қамқоршылар кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Оның құрамына нақты нарықтың өкілдері - медиа сарапшылары және IT-технология саласындағы мамандар кіріп отыр. Жоба операторы – Қазақстан Баспасөз клубы.

Бүгінгі күні озық компанияның құралдарын USA Today, CNN, The New York Times, Vox, Fox News Channel, The Washington Post, BBC, Le Monde, Ringier, The Independent, El Tiempo, Caracol Television, Nikkei America, Media Prima сынды әлемнің тағы да басқа көптеген жетекші БАҚ-ы қолданып отыр.



Өлшеуіш
Chartbeat
Техникалық колдау
Группа компаний IT-Center
АҚШ елшілігі осы сайтта жарияланған ақпараттың өзекті, дұрыс, толық болуы үшін жауапкершілік көтермейді.