Глоссарий

Chartbeat - әлемнің 60-тан аса еліндегі жетекші БАҚ-қа редакциялық саясатты жақсартуға және оқырмандар аудиториясын кеңейтуге арналған қызметтерді ұсынатын деректер аналитикасы саласындағы әлемдік көшбасшы.

Olshem.kz - басты аналитика көрсеткіштері бойынша жобаға қатысатын БАҚ деректерін көрсететін жоба аясында құрылған сайт. Деректер нақты уақыт тәртіптемесінде ұсынылады.

Аналитиканың басты көрсеткіштері - olshem.kz сайтында ұсынылған онлайн-порталдарға қатысты деректер. Траффик көздері, парақшалардың қаралу саны және бірегей қолданушылар саны, сайтта отыру уақыты, қолданушылардың геодеректері туралы ақпаратты онлайн тәртіптемесінде немесе нақты бір кезең ішінде көрсетеді.

Бірегей кірушілер саны - сайт аудиториясын зерттеу кезіндегі веб-аналитиканың басты өлшемдерінің бірі.

Бірегей қолданушы (concurrent, unique visitor) - белгілі бір уақыт ішінде (әдетте тәулік ішінде) сайтқа кірген адам. Егер тура сол уақыт көлемінде бұл қолданушы тағы да сайтқа кіретін болса, ол бірегей болып есептелмейді.

Геодеректер (location) - сайтқа кірген қолданушылардың орналасқан жерін анықтау.

Жоба - «Қазақстандық журналистиканы нығайтуға арналған онлайн БАҚ аудиториясын өлшеу жөніндегі Chartbeat технологиялары» бағдарламасы Қазақстандағы АҚШ елшілігі арқылы Инновациялар қоры қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жоба мақсаты – Chartbeat деректерді өлшеуге арналған озық технологияларын редакция жұмысында қолдану арқылы БАҚ кәсіпқойлығын көтеру және медиа нарығының айқындылығын арттыру. Жоба 12 айға созылады. Дауыс беру кезінде таңдап алынған 25 БАҚ тегін түрде Chartbeat қызметтерін қолдануға мүмкіндік алады.

Жобаға қатысушы - байқау аясында жеңіске жеткен және финалистер қатарына ілінген отандық онлайн БАҚ, олар бір жыл бойы тегін түрде Chartbeat құралдарын редакция жұмысында қолдануға мүмкіндік алады.

Жоба операторы - Қазақстанда жобаны ұйымдастыру және үйлестірумен байланысты операциялық қызметті «Қазақстан Баспасөз клубы» ҮЕҰ атқарады. Қазақстан Баспасөз клубы – медиа нарығында 20 жылдан аса тәжірибесі бар қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші консалтингтік компания.

Қамқоршылар кеңесі – алқалы басқарудың үлгісі болып табылатын іріктеу органы. Айқындылықты қамтамасыз ету және нарықтағы ойыншылардың мүддесін сақтау мақсатында жобаның жүзеге асырылуына мониторинг жүргізіп, бақылау жасайды. Қамқоршылар кеңесі кәсіби нарық қатысушыларынан – медиа сарапшылары мен IT саласындағы мамандардан құралған.

Рециркуляция (recirculation) - сайттағы бір мақаланы оқыған соң сайттың тағы басқа парақшаларына өтетін қолданушылар саны. Рециркуляция бас тарту көрсеткішіне, яғни сайттағы басқа парақшаларға өтпеген және басқа да әрекеттерді жасамастан сайттан шығып кеткен оқырмандар пайызыне кері пропорционалды болып табылады.

Сайттағы көру саны (page view) - бір тәулік ішінде сайттағы нақты парақшаның жалпы көрілген саны.

Сайтта отыру уақыты (engaged time) - сайтқа кірушілердің контентпен белсенді өзара әрекеттесуін – тышқанның қимылы, жоғары-төмен жылжыту, пернетақтаны басу, сенсорлық әрекеттер сынды әрекеттерді көрсететін секунд түріндегі орташа уақыты.

Траффик көзі (traffic source) - сайтқа кірушілердің қай арналар арқылы кіргендігін көрсетеді. olshem.kz сайтында келесі траффик көздері көрсетіледі: әлеуметтік желілер, іздеу жүйелері, ішкі сілтемелер, тікелей сайтқа өту.



Өлшеуіш
Chartbeat
Техникалық колдау
Группа компаний IT-Center
АҚШ елшілігі осы сайтта жарияланған ақпараттың өзекті, дұрыс, толық болуы үшін жауапкершілік көтермейді.